2009 жылы теміржол өткелдеріндегі барлық жол-көлік оқиғалары автокөлік жүргізушілерінің кінәсінен орын алған

АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков / - 2009 жылы теміржол өткелдерінде орын алған 33 жол-көлік оқиғасының барлығы жол қозғалысы ережелерін бұзған автокөлік жүргізушілерінің кінәларынан орын алған.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚазАқпарат тілшісіне «Локомотив» акционерлік қоғамының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Мысалы, қаңтардың 9-ында Алматы облысының Медеу стансасында күзеттегі теміржол өткелінде сағат 14.59-да жеңіл автокөлік Алматы-Новосібір бағытындағы №326 жолаушылар пойызының локомотивімен соқтығысып қалды. Оқиға салдарынан локомотив те, көлік те зақымданып, автокөлік жүргізушісі ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Локомотив ауыстырылып, нәтижесінде жолаушылар пойызы графиктен 1 сағат 11 минутқа кешікті», деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Оқиға жол қозғалысы ережесін бұзған автокөік жүргізушісінің кінәсінен орын алған.

Соңғы жаңалықтар