2009 жылы теңіз қарақшылары 400 кемеге шабуыл жасады

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат - Өткен жылы теңіз қарақшылары әлем бойынша 400-дей кемеге шабуыл жасаған. 860-тан астам теңізші әлі күнге дейін олардың тұтқынында отыр.

2009 жылы теңіз қарақшылары  400 кемеге  шабуыл  жасады

Бүгін Манилада ашылған Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің теңіз кәсіподақтары басшыларының конференциясында осындай мәлімдеме жасалды, деп хабарлайды «Маяк» радиостансысы.