2009 жылы Жамбыл облысында жылыжай шаруашылығын дамыту жоспарлануда

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Өткен 2008 жылы Жамбыл облысында жоспарланған 46 жылыжайдың орнына 65 шағын жылыжай мен көшетханалар іске қосылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараты бойынша, 2008 жылға дейін өңірде жалпы ауданы 6,7 гектарды құрайтын 21 жылыжай болған. Оның біреуі - Жамбыл ауданындағы «Меңдікерей» ЖШС-індегі типтік жылыжай да, қалған 20-сы ? Қордай ауданындағы «Шэньси» ЖШС-інің 20 гелиожылыжайы. Ең көп жылыжай Байзақ (30 нысан), Жамбыл (18), Тұрар Рысқұлов атындағы (8), Шу (7) аудандарында салынып отыр. Меркі және Сарысу аудандарында тағы бір-бірден жылыжай бар. 2009 жылы өңірде 158 жылыжайды іске қосу жоспарланған, олардың 50-ін ? Байзақ ауданындағы «МирАсылТараз» ЖШС салып жатыр, тағы 50-ін ? Қордай ауданының 15 селолық округінде, қалғаны басқа аудандардың селолық округтерінде салынуда.
Соңғы жаңалықтар