2010-2014 жылдары 8 инновациялық жоба іске асырылады - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысы бойынша 2010-2014 жылдары екі кезеңге бөлінген 8 мемлекеттік инновациялық жоба іске асырылып, 2 500 жаңа жұмыс орны ашылатын болады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тек ағымдағы жылдың алғашқы жартысында Васильков алтын кенін одан әрі игеру мен «Васильков тау-кен комбинаты» акционерлік қоғамы алтын айыру зауытын пайдалануға беру көзделген. Оның жобалық құны 72 122 миллион теңгені құрайды.

Сонымен бірге «Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде темір кенін байыту мен өңдеу зауыты іске қосылатын болады. Екінші жарты жылдықта «Қазақстан жылыжай технологиясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағы 3,56 гектар жылыжайды, «Астана Агроөнім» ЖШС-і ет өңдеу кешенін, «Бауман-07» және «Острогорское» ЖШС-і мал бордақылау алаңдарын, «Кереге-Астана» ЖШС-і керамикалық кірпіш өндірісі зауытының құрылыстарын аяқтайды. Екінші кезең негізінде жобалық құны 4,6 миллиард теңгені құрайтын асыл тұқымды етті және сүтті ірі қара өсіру мен «SC FOOD» ЖШС-і жылқы шаруашылығын өркендетуге орай 4630 миллион теңгенің жобаларын жүзеге асырмақ. Әр жобаның іске қосылуын қадағалауға алатын арнайы штабтар құрылып, жұмыс кестелері белгіленген.

Соңғы жаңалықтар