13:34, 03 Қыркүйек 2009 | GMT +5
2010-2015 жылдарға арналған Ақтөбедегі көше-жол желілерін дамытудың қала құрылысы бағдарламасының тұжырымдамасы ұсынылды
АҚТӨБЕ. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Қалалық әкімдікте өткен қала құрылысы кеңесінің отырысында 2010-2015 жылдарға арналған Ақтөбедегі көше-жол желілерін дамытудың қала құрылысы бағдарламасының тұжырымдамасы ұсынылды.

Құжатты қала әкімінің тапсырмасы бойынша Астанада осындай жұмыстармен айналысқан Орск қаласындағы «Мостовик» ғылыми-өндірістік бірлестігі әзірледі.
«Ақтөбенің келешегі өте үлкен, халқы өсіп келеді, онымен бірге автокөліктердің саны да арта түсуде. Бүгінгі күні қала халқы 400 мың адамды құрайды, 120 мыңнан астам автомобилдер тіркелген», - деді қала әкімі Архимед Мұхамбетов.
Сонымен қатар, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің салынуына байланысты қала көлік желілерінің даму келешегін де ескеру қажет.
Қазір мамандар ұсынылған тұжырымдаманы қарауда.