2010 жыл Ауғанстанда шешуші жыл болуы тиіс - НАТО бас хатшысы

БРЮССЕЛЬ. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - НАТО Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен болған кездесуде, 2010 жыл Ауғанстанда шешуші жыл болуы тиіс екенін мәлім етті.

2010   жыл Ауғанстанда  шешуші  жыл   болуы тиіс - НАТО   бас хатшысы

Осы тұрғыда ол, ауған мәселесі, оның ішінде Альянс стратегиясын дамыту ақпанның 4-5-інде Ыстамбұлда өтетін қорғаныс министрлерінің кездесуінде басты назарда болатынын атап өтті.

НАТО-ға мүше елдердің қорғаныс министрлері ол кездесуде сондай-ақ, Косоводағы күштерді қысқарту мәселесін талқылайтын болады.