11:48, 11 Қыркүйек 2010 | GMT +5
2010 жылдың қаңтар-шілде айларындағы бөлшек тауар айналымының өсімі 4,3 пайызға жетті - Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облысы бойынша 2010 жылдың қаңтар-шілде айларындағы бөлшек тауар айналымының көлемі 33 713 миллион теңгеге жетіп, өсім өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4,3 пайызды құрап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінің мәліметтеріне сілтеме жасап.
Жыл ішінде жеке меншік нысанда кәсіпорындармен өткізілген тауарлардан және кәсіпкерлердің саудасынан түскен айналым 33 596 миллион теңге, заңды тұлғалар мен мемлекеттік меншіктердегі тауар айналымы 116,5 миллион теңге деңгейінде қалыптасып отыр. Осы уақытта аралас және азық-түлік емес базарларда, жеке кәсіпкерлерден сатып алу есебінен алынған бөлшек тауар айналымының көлемі 17 211 миллион теңгені құрады. Базарлар мен жеке кәсіпкерлердің үлесі 51,1 пайыз мөлшерінде тіркелген. Бұл ретте бөлшек сауда тауар айналымының жалпы көлеміндегі үлесі Бурабай ауданы мен Көкшетау, Степногор қалаларында 76 пайызға, Астрахан, Есіл, Ақкөл, Жарқайың, Атбасар аудандарында 14,6 пайызға тең келіп отыр.