2010 жылы 22 млн. тонна мұнай және газ конденсаты өндірілді - ҚазМұнайГаз

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2010 жылы 22 млн. тонна мұнай және газ конденсаты өндірілді. Бұл туралы бүгін «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясындағы баспасөз мәслихаты барысында таратылған мәліметтерде айтылған.
None
None

«Алдын ала деректер бойынша, 2010 жылы мұнай және газ конденсатын өндірудің шоғырландырылған көлемі 22 млн. тоннаны құрады. Бұл өз кезегінде бекітілген жоспардан 4 пайызға, ал 2009 жылдың көрсеткішінен 17 пайызға артық», - делінген мәліметтерде.

Атап айтқанда, магистральдық құбыр желілері арқылы мұнайды тасымалдау көлемі 65,8 млн. тоннаны құрады. 2009 жылға қарағанда, бұл көрсеткіш 3 пайызға артық. Сонымен қатар мұнайды теңіз көлігімен тасымалдау көлемі 7,1 млн. тоннаға жетті. Жалпы алғанда, 2010 жылы 14,8 млн. тонна мұнай өңделді. Бұл 2009 жылдың жоспарлы көрсеткіштеріне қарағанда 16 пайызға артық. Өткен жылдағы кезеңде 99,7 млрд. текшеметр газ тасымалданды. Бұл көрсеткіштер 6 пайызға артық және 2009 жылғы тасымалдау көлемінен 9 пайызға асып отыр.

Соңғы жаңалықтар