Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

2010 жылы агроөнеркәсіптік кешені өнімінің экспорты 16,2 пайызға артты - А. Күрішбаев

АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Алдын ала болжам бойынша, 2010 жылы агроөнеркәсіптік кешені өнімінің экспорты 16,2 пайызға артты.

2010 жылы агроөнеркәсіптік кешені өнімінің экспорты 16,2 пайызға артты - А. Күрішбаев

Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өткен Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2010 жылғы жұмысының қорытындысына және алдағы жоспарына арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ақылбек Күрішбаев мәлім етті.

«Алдын ала болжам бойынша, 2010 жылы агроөнеркәсіптік кешені өнімінің экспорты 16,2 пайызға артты, импорт 3,5 пайызға төмен болды. Сальдо 2 есеге қысқарды», - деді ол.

Министрдің айтуынша, өткен жылы егіс алқаптарын құрылымдық әртараптандыру жұмыстары жалғастырылды. Соның арқасында соңғы 2 жылда майлы дақылдардың алқабы 2 есеге, азық-түліктердікі 3 есеге ұлғайтылды.

«Осы жерде шикізат өндірісінің әсіресе, майлы тұқымдылардың мұндай көлемінсіз биыл бізде халықты өсімдік майымен қамтамасыз етуде көрші елдердегідей проблемалар болар еді»,-деді министр.

Сондай-ақ, А. Күрішбаев атап көрсеткендей, былтыр ылғал сақтау агротехнологиялары қолданылған егіс алқабының көлемі 11,2 млн. гектарға жетіп, жалпы егіс көлемінің 67 пайызын құрады.

Сонымен бірге халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, Ғаламдық бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік экономикалық форумының «Ауыл шаруашылығы саласына жұмсалатын шығындар» көрсеткіші бойынша Қазақстан 31 тармаққа көтеріліп, 62-орынға тұрақтаған.