2010 жылы АҚШ бюджетінің жетіспеушілігі 1,6 триллион долларды құрайды

АСТАНА. Ақпанның 1-і. ҚазАқпарат - АҚШ Үкіметі 2010 жылы қыркүйектің 30-ында аяқталатын ағымдағы қаржы жылында бюджет жетіспеушілігі 1,6 триллион долларды құрайды деп болжап отыр.

2010 жылы АҚШ  бюджетінің  жетіспеушілігі  1,6 триллион   долларды   құрайды

Келесі қаржы жылы бұл көрсеткіш 1,3 триллион долларды құрайтын болады.

Сондай-ақ 2010-2020 жылдар аралығында ол 4,5 пайыздан асады деп күтілуде. 2020 жылы бұл көрсеткіш 1 триллион долларды құрауы мүмкін, дейді сарапшылар.

Өткен қаржы жылының қорытындысы бойынша АҚШ бюджетінің жетіспеушілігі 1,42 триллион долларға тең болған еді, деп хабарлайды РБК агенттігі.