Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

2010 жылы АҚТҚ жұқпасына шалдыққандардың саны 4 пайызға төмен болды - Денсаулық сақтау министрі

АНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2010 жылы Адам қорғаныш тапшылығының қоздырғышына (АҚТҚ) шалдыққандардың саны 2009 жылға қарағанда 4 пайызға төмен болды.

2010 жылы АҚТҚ жұқпасына шалдыққандардың саны 4 пайызға төмен болды - Денсаулық сақтау министрі

Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Салидат Қайырбекова айтты.

«АҚТҚ жұқпасының таралуы - 0,18 пайыз деңгейінде, болжамды көрсеткіш 0,5 пайыз болатын. Өткен жылы АҚТҚ-ны жұқтырғандардың саны 2009 жылмен салыстырғанда 4 пайызға төмен болды», - деді министр.

Айта кетейік, 2009 жылы Қазақстанда АҚТҚ жұқпасына шалдыққан 2072 науқас анықталды, оның 28 - балалар.