Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

2010 жылы Астанада 1 млн. 382 мың шаршыметр тұрғын үй пайдалануға берілді - Әкімнің есеп беру кездесуі

АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2010 жылы Астана қаласында 1 млн. 382 мың шаршыметр тұрғын үй салынып, іске қосылды.

2010 жылы Астанада 1 млн. 382 мың шаршыметр тұрғын үй пайдалануға берілді - Әкімнің есеп беру кездесуі

Бұл туралы бүгін өткен жылғы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша халық алдында есеп беріп жатқан елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.

Қала басшысы атап көрсеткендей, тұрғын үй құрылысында соңғы 3 жыл шамасында алға ілгерлеушілік бар. Өткен жылы 1 млн. 382 мың шаршыметр баспана жаңадан салынған болса, соңғы 3 жылда оның жалпы көлемі 4 млн. шаршыметрді құрады.

«Мұндай өсу деңгейіне құрылысқа бағытталған инвестиция көлемінің ұлғаюы себеп болып отыр. 2010 жылы салынған қаражаттың көлемі 56 млрд. теңгеден асты. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда 17 пайызға артық»,-деді ол.

Сондай-ақ әкім Тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасының Астана қаласында жүзеге асырылу барысына тоқталды. Мәселен, 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында 5612 азамат пәтер алу құқына ие болды, оның 2113-і 2010 жылы баспаналарына кірді.

«Қалған 3499 азаматқа пәтер 2011 жылы тұрғын үй нысандарының пайдалануға берілуіне орай тапсырылатын болады»,-деді И. Тасмағамбетов.