2010 жылы Батыс Қазақстанда «Жол картасына» сәйкес 4 млрд. 690 млн. теңге бөлу қарастырылып отыр

ОРАЛ. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - 2010 жылы Батыс Қазақстанда «Жол картасына» сәйкес 4 млрд. 690 млн. теңге бөлу қарастырылып отыр.
None
None

 Бұл туралы Мәжіліс депутаттары Шавхат Өтемісов, Виктор Киянский және Елена Тарасенко өткізген баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қыруар қаржы 60 нысанның құрылысына және күрделі жөндеуіне жұмсалып, жаңадан 5 мың жұмыс орны ашылмақшы. «Осы қаражаттың дер уақытында бөлініп, мақсатты жұмсалуына біз де мүдделіміз», деген Мәжіліс депутаттары өңірде «Жол картасының», газдандыру бағдарламасының және энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізу жобаларының табыспен жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар