2010 жылы Қазақстанның ІЖӨ өсімінің үштен бір бөлігін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының тобындағы компаниялар қамтамасыз етті - Қ. Келімбетов
АНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2010 жылы Қазақстанның ішкі жалпы өнім өсімінің үштен бір бөлігін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының тобындағы компаниялар қамтамасыз етті.
Бұл туралы бүгін Астанадағы алқа мәжілісі барысындағы баспасөз мәслихатында қор басшысы Қайрат Келімбетов мәлім етті.
Қ. Келімбетов «Самұрық-Қазына» қоры мемлекеттік компаниялардың экономикалық өсімдегі салымын барынша қамтамасыз етіп отырғанын айта келе, «Ішкі жалпы өнімнің нақты көрсеткіштегі 7 пайыздық өсімін алдын ала біздің статистикалық органдар көрсетті. Біздің есептер бойынша бұл өсімнің үштен бір бөлігін «Самұрық-Қазына» қорының компаниялары қамтамасыз етті»,-деді.
Қор басшысының айтуынша, бүгінде «Самұрық-Қазына» банк жүйесінде ірі кредиторға, сондай-ақ ірі жұмыс беруші ретінде және тұрақты әрі ұзақ мерзімді жұмыс орындарын құру бойынша ірі құрылымға айналды.