Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

2010 жылы кеден органдары бюджет түсімдерін 722 млрд. теңге көлемінде қамтамасыз етті - ҚБК

АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Өткен жылы кедендік органдар бюджет түсімдерін 722 млрд. теңге көлемінде қамтамасыз етті.

2010 жылы кеден органдары бюджет түсімдерін 722 млрд. теңге көлемінде қамтамасыз етті - ҚБК

Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Қозыкөрпеш Кәрбозов мәлім етті.

«2010 жылы кеден органдары бюджет түсімдерін 722 млрд. теңге көлемінде қамтамасыз етті. Яғни, жоспар 87,6 млрд. теңгеге артық орындалды»,-деді ол.

Комитет төрағасының айтуынша, республикалық бюджетке төлемдердің түсу үлесі 33,2 пайызды құрайды. Сондай-ақ кедендік тексеру қорытындысы бойынша 46,4 млрд. теңге өндіріліп алынған. 732 қылмыстық, 10445 әкімшілік іс қозғалған. Аталған істер бойынша 11,8 млрд. теңгенің шығындары қалпына келтірілген.

«Есірткі заттарын контрабандалық жолмен тасымалдаудың 132 фактісі анықталып, 600 келі есірткі тәркіленді»,-деді Қ. Карбозов.