20:22, 17 Қаңтар 2011 | GMT +5
2010 жылы ҚР Қаржы полициясы 10 мыңға жуық қылмысты анықтады
АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - 2010 жылы ҚР Қаржы полициясы 10 мыңға жуық қылмысты анықтады. Бұл туралы бүгін Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің алқа мәжілісінде айтылды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

«2010 жылы қаржы полициясы органдары 9 560 қылмысты анықтады, олардың үштен бірін ауыр және аса ауыр қылмыстар құрады (3062). Шамамен 9,5 мың қылмыстық іс сотқа жолданды», - делінген таратылған ақпаратта.
Ведомствоның атап өтуінше, мемлекет пен азаматтарға келтірілген 222 млрд. теңге залалдың 82 пайызы немесе 182,6 млрд. теңгесі қайтарылған.