2010 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі елімізде 79,7 млн. тоннаны құрады - Алқа мәжілісі

АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Алдын ала мәліметтер бойынша, 2010 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі елімізде 79,7 млн. тоннаны құрады. 2009 жылға қарағанда, бұл көрсеткіш 4,2 пайызға артты.

2010 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі  елімізде 79,7 млн. тоннаны құрады - Алқа мәжілісі

Бұл туралы бүгін Мұнай және газ министрлігінің өткен жылдағы қорытындысына, сондай-ақ биылғы жылдың міндеттеріне арналған алқа мәжілісінде таратылған мәліметтерде көрсетілген.

Экспортталған мұнайдың көлемі 71,2 млн. тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш өз кезегінде 2009 жылға қарағанда 4,5 пайызға артық. Мұнай экспортының негізгі көлемі Каспий құбыр консорциумы арқылы тасымалдынды (40,2 пайыз). Ал, «Атырау-Самара» құбырымен 21,5 пайызы, «Атасу-Алашаңқай» құбырымен 14,2 пайызы экспортталды.