2010 жылы «Жол картасы» аясында инвестициялық бағыттарды қаржыландырудың көлемі 123,4 миллиард теңгені құрайды

АСТАНА. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -   2010 жылы «Жол картасы» аясында ел аймақтарында инвестициялық бағыттарды қаржыландырудың жалпы көлемі 123,4 миллиард теңгені құрайды. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте 2010 жылға арналған «Жол картасын» ары қарай дамыту бойынша баяндама жасаған Еңбек және халықты әлеметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Әкімдіктер жөндеу жұмыстары бойынша қаржыландырудың жалпы сомасын бөлгенін жеткізген министр, «бірінші бағыт бойынша, яғни тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жүйесін жөндеу және дамытуға 47,5 миллиард теңге (38,5 пайызы), екінші - жол жөндеу шараларына 29,8 миллиард теңге (24 пайызы), үшінші бағытта мектептерді, ауруханаларды және басқа да әлеуметтік нысандарды жөндеуге 40 миллиард теңге (33 пайыз) қарастырылмақ», деді.

Сонымен бірге, төртінші бағыт бойынша, яғни қала мен ауылдардағы әлеуметтік-мәдени нысандарды жөндеу жұмыстарына 5,8 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлу туралы ұсыныс жасалды.

Соңғы жаңалықтар