2011-2015 жылдары Ақтөбеде құны 380 млрд. теңгеден асатын 70 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр

АҚТӨБЕ. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Самал Ендбаева/ - 2011-2015 жылдары Ақтөбеде құны 380 млрд. теңгеден асатын 70 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

2011-2015 жылдары Ақтөбеде құны 380 млрд. теңгеден асатын 70 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр

"Жаңа кәсіпорындар есебінен 10 000-нан астам жаңа жұмыс орындары құрылады", - делінген есептік кездесулер қарсаңында жарияланған қала әкімі Архимед Мұхамбетовтың баяндамасында.

Нақтырақ айтар болсақ, 2011 жылы ҮИИДБ аясында қалада «Актобестройхиммонтаж» ЖШС-інің полиэтилен құбырларын шығаратын зауыты, «Ақтөбе мұнай өңдеу» ЖШС шағын МӨЗ, «СпецТрансСтройКомпани» ЖШС металл құрылғылар шығаратын зауыты (1 кезек), «БатысДамуЖол» ЖШС белсендірілген және белсендірілмеген минералды ұнтақ шығарытын зауыт, «Бизнесті дамыту орталығы» ЖШС-інің көкөніс сақтау қоймасының бірінші кезегі, «СВС-Фармация» ЖШС-інің дәрілік заттар өнеркәсібі, кәсіпорынның энергетикалық қуатын кеңейту және модернизациялау (1 кезек), «Ақтөбе ЖЭО» АҚ турбоагрегатын ауыстыру сынды нысандар іске қосылып, жүзеге асырылады.

Сонымен қатар бірқатар индустриялдық нысандарды іске қосу да жоспарда бар.