Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

2011 жылдағы сыртқы тауар айналымы 101 млрд. 600 млн. АҚШ долларына жетті - Кедендік бақылау комитеті

АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Кедендік кірістердің 45 пайызы мұнай және мұнай өнімдерінен келіп түскен кедендік төлемдер.

2011 жылдағы сыртқы тауар айналымы 101 млрд. 600 млн. АҚШ долларына жетті - Кедендік бақылау комитеті

Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетовтің төрағалығымен өткен ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің алқа мәжілісінде аталған комитет төрағасының орынбасары Нұржан Ашиханов мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, бұл қаржы 460 млрд. теңгені құрап отыр.

Сонымен қатар Н. Ашиханов Қазақстанның 2011 жылдағы сыртқы тауар айналымы 101 млрд. 600 млн. АҚШ долларын құрағанын жеткізді. Атап айтқанда, 2010 жылмен салыстырғанда осы көрсеткіш 40 пайызға өсіп отыр. Экспорт көлемі  80,5 млрд. долларға, ал импорт 21 млрд. 100 млн. долларға жетті.