2011 жылдан бастап көлік құралдарына техникалық қадағалауды жеке ұйымдар жүргізе бастайды

«Біз қазан айында техникалық қадағалау жүргізуге байланысты барлық мәселелерді бәсекелестік ортаға береміз. Яғни, бұл салаға берудің шарттары мен сипаты анықталатын болады. Менің ойымша, келесі жылғы қаңтардың 1-інде немесе ақпанында бұл қызметтерді жеке ұйымдар жүргізе бастайды. Дегенмен көлік құралдарының техникалық қадағалаудан өткендігіне мемлекеттік бақылау жасау ішкі істер органдарына, оның ішінде жол полициясына жүктеледі», деді вице-министр өз сөзінде.
Оның атап өтуінше, қазіргі таңда елімізде 3 миллион 300 мың көлік тіркелген. Ал Жол полициясы бөлімшелерінің қарамағында 7 техникалық қадағалау базасы бар. Алайда оның 6-уы жалға берілген.
А.Кулиничтың пайымынша, көлік құралдарын техникалық қадағалауды бәсекелістік ортаға беру аталған қызметтің сапасын арттыра түспек.