Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда судың тұтынылу көлеміне сараланған тарифтер енгізіле бастады-ТМРА төрағасы Н. Алдабергенов

АНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі 2011 жылы халықты суды үнемдеп жұмсауға ынталандыру мақсатында «Неғұрлым көп қолдансаң, солғұрлым көп төлейсің» қағидатын қолдана бастады.

2011 жылдың 1 қаңтарынан  бастап Қазақстанда судың тұтынылу көлеміне сараланған тарифтер енгізіле бастады-ТМРА төрағасы Н. Алдабергенов

Бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің қатысуымен аталмыш агенттіктің 2010 жылғы жұмысының қорытындысына және алдағы жылдың міндеттеріне арналған кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.

Агенттік төрағасы Нұрлан Алдабергенов бүгінгі күні барлық өңірлерде, барлық өнеркәсіптік кәсіпорындар мен бюджеттік мекемелерде суға тұтынушы топтар бойынша сараланған тарифтер енгізілгенін және соның арқасында 1,63 млрд. теңге үнемделгенін атап өтіп, ағымдағы жылдан бастап бұл әдіс жеке тұлғаларға да қолданыла бастайтынын жеткізді.

«Әлемдік тәжірибеде халықты суды үнемдеуге ынталандыру мақсатында тұтыну көлемі бойынша 2,3,5 және одан жоғары деңгейлі сараланған тарифтер енгізілген. Мұндай әдіс АҚШ, Қытай, Сингапур және Австралияда қолданылып отыр»,-деді ол.

Қазақстанда бұл бағыттағы жұмыстар Дүниежүзілік банкпен бірлесіп қолға алына бастады. Онымен бірге елде бұл бағытта қажетті заңнамалардың барлығы бар. Сөйтіп, 2011 жылдан бастап Қазақстанда судың тұтынылу көлеміне екі деңгейлі сараланған тарифтер енгізіле бастайды. 1 қаңтардан бастап мұндай тарифтер Атырау, Қызылорда, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының тұрғындарына қолданыла бастады. Мысал үшін, халық тұтынатын су тарифі - егер бір адам айына 1,6 текше метр (тәулігіне 53 литр) су пайдаланатын болса, қосымша құн салығын есептемегендегі төлем 1 текше метр үшін 25,9 теңгені, ал 16,3 текше метрден көп шығындайтын болса, 1 текше метр үшін төлем 35,97 теңгені құрайтын болады. Солай, «Неғұрлым көп қолдансаң, солғұрлым көп төлейсің» қағидатын орнықтыру көзделіп отыр.

Төраға сондай-ақ қазір Қазақстандағы су тарифі электр энергиясы сияқты өзге елдермен салыстырғанда төмен болып табылатынын атап өтті.