2011 жылдың 10 айында ішкі жалпы өнім 7,2 пайызға өсті - Қайрат Келімбетов

ТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2011 жылдың 10 айында ішкі жалпы өнім 7,2 пайызға өсті.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында биылғы он айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша баяндама жасаған Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мәлім етті.

«Жыл басынан бері Қазақстан экономикасында дамудың оңтайлы үрдісі сақталып отыр. Алдын ала бағалау бойынша, 2011 жылдың 10 айында, яғни өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ішкі жалпы өнім 7,2 пайызға өсті. Ал қысқа мерзімді экономикалық индикатор 10 айдың ішінде 7,1 пайызды құрады», - деп атап өтті министр.

Оның сөзіне қарағанда, экспорттық бағыттағы өнімге сыртқы баға конъюктюрасының тұрақтануы мен ішкі сұраныстың нығаюы ішкі нарықта тауар өндірісі мен қызмет көрсетудің өсімін қамтамасыз етті.

Соңғы жаңалықтар