11:14, 15 Қараша 2011 | GMT +5
2011 жылдың 9 айында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 40 пайыздан астам көрсеткішке өсті - Қ. Келімбетов
ТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2011 жылдың 9 айында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 40 пайыздан астам көрсеткішке өсті.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында биылғы он айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша баяндама жасаған Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мәлім етті.
«Нақты экономика секторындағы жоғары қарқынды өсіммен сыртқы қолайлы конъюктура сыртқы сауда айналымының 41,3 пайызға артуына ықпал етті. Биылғы қаңтар-қыркүйек қорытындысы бойынша ол 91,9 миллард АҚШ долларын құрады», - деп атап өтті ведомство басшысы.
Сонымен қатар, министр ағымдағы жылдың 9 айында тауар экспорты 49,9 пайызға артқанын немесе 65,8 миллард АҚШ долларын құрағанын жеткізді. Ал импорт аталған кезеңде 23,5 пайызға жоғарылап, 26,1 миллард АҚШ долларын құрады.