2011 жылдың басынан бері «СК Фармация» дәрі-дәрмектерді жеткізу міндеттемесін 100 пайызға орындады - вице-министр

"Қазіргі уақытта «СК Фармацияда» ауруханаларды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жағынан проблема жоқ. Оларға қажетті препараттар 100 пайызға жеткізілді",-деді ол.
Ал, «СК Фармация» ЖШС-ның бас директоры Сыздық Баймұхановтың айтуынша, компания 2011 жылға барлық дәрі-дәрмек түрінің жарты жылдық, ал әлеуметтік маңыздағы аурулар бойынша 1 жылдық қорды жинақтап қойғанын айтты.
Еске сала кетейік, өткен жылдың бірінші жартыжылдығында медициналық мекемелерге препараттарды жеткізу мәселесінде бірыңғай дистрибютерде түйіткілдер туындаған болатын. «Ол кезде номенклатуралардың тең жартысы қоймаларда болған жоқ. Ал екінші жартыжылдықта жаңа менеджменттің келуімен, дәрі-дәрмектер үздікесіз жеткізіле бастады»,-деді ол.
Компания 2010 жылғы міндеттемелерін 99,9 пайызға орындады. Мемлекеттік кепілдендірілген тегін медициналық препараттардың бірыңғай дистрибютер бойынша жеткізілуі мемлекеттік бюджетті 4,5 млрд. теңге үнемдеуге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта бірыңғай дистрибютердің мемлекеттік сатып алулардың жалпы көлеміндегі үлесі 57 пайызды құрайды.