2011 жылдың қорытындысы бойынша Иран жан басына шаққандағы өлім жазасын қолдану бойынша әлемдік «көшбасшы» атанды
Бұл туралы Брюссельде ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты бойынша жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон мәлім етті.
«Мен Иранда 2011 жылы болған өлім жазасының саны бойынша қатты мазасызданып отырмын. Бұл жалпыәлемдік өлім жазасын болдырмау үрдісіне қайшы келіп тұр. Түрлі дереккөздердің хабарламалары бойынша, Иранда өткен жылғы өлім жазаларының саны жаңа тарихта ең жоғары болды, бұл Иранды әлем бойынша жан басына шаққандағы өлім жазасына кесуде жетекші елге айналдырып отыр», - деді К.Эштон.
Еуропалық дипломатиялық қызметтің басшысы 2011 жылы соттың істерді әділетсіз қарастыруынан кейін Иранда жүздеген адам өлім жазасына кесілгенін атап өтті. Оларға апелляцияға беруге құқығы берілмеді, сондай-ақ бұл адамдардың жасаған қылмыстары, халықаралық стандарттарға сәйкес, өлім жазасы түріндегі жазалауға апармауы тиіс еді.
Осыған байланысты ЕО-тың жоғарғы өкілі Иранды және өлім жазасына кесуді сақтауды талап ететін басқа мемлекеттерге өлім жазасын қолдануды қойып, оған мораторий енгізуге шақырып отыр.