Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

2011 жылғы республикалық бюджеттің 42,9 млрд. теңге көлемінде орындалмауы, соның ішінде 30,5 млрд. теңге қаржының үнемделуінен қалыптасты - Б.Жәмішев

АСТАНА.  22 маусым. ҚазАқпарат - 2011 жылғы республикалық бюджеттің 42,9 млрд. теңге көлемінде орындалмауы, соның ішінде 30,5 млрд. теңге қаржының  үнемделуінен қалыптасты.

2011 жылғы республикалық бюджеттің 42,9 млрд. теңге көлемінде орындалмауы, соның ішінде 30,5 млрд. теңге қаржының  үнемделуінен қалыптасты - Б.Жәмішев

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында депутаттардың сауалына жауап беру кезінде ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.

Сонымен қатар қаржының бір бөлігі бюджеттік кодекске сәйкес биылғы жылға шегерілген жобаларға бөлінді. Және бұл жобалар аяғына дейін жеткізіледі. «4,7 млрд. теңге мердігерлік ұйымдардың келісімдік міндеттемелерді орындамауына қатысты. Бұл да бір өз шешімін міндетті түрде табуы тиіс проблемалардың бірі», - деп түсіндірді Б. Жәмішев.