Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

2011 жылы 2247 адам өндірісте зардап шекті - Г.Әбдіхалықова

  АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстанда өндірістік жарақат алу деңгейі төмендемей тұр.

2011 жылы 2247 адам өндірісте зардап шекті - Г.Әбдіхалықова

Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өткен жылдағы қорытындысына арналған алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Гүлшара Әбдіхалықова мәлім етті.

Есепті кезеңде өндірісте зардап шеккендердің саны 2247 адамды құрады. Оның ішінде 332-сі мерт болды. Министрдің сөзіне қарағанда, аталған проблема тұрғысында болашақта ескерту негізінде және жұмысшының өміріне қауіп тудыратын тәуекелдер аясында бағалау жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ қызметкерлердің қауіпсіздігі бойынша жұмыс берушінің жауапкершілігін арттыру және қызметкерлерді фирманың ішінде тиісті дайындықтан өткізу мәселелері ескерілмек.

Сонымен қатар, жұмыс орындарында аттестация өткізу талаптарын күшейту және қайғылы оқиғалардан жұмысшыларды сақтандыру жүйесін жетілдіру мәселелері қолға алынбақ.