2011 жылы Астана мен Алматы қалаларында болатын қысқы Азия ойындарын өткізуге арнайы бағдарлама бойынша қаржы қарастырылған

АНА. Қазанның 19-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Мәжілісте талқыланып  жатқан «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында 2011 жылы Астана мен Алматы қалаларында болатын қысқы Азия ойындарын өткізуге арнайы бағдарлама бойынша қаржы қарастырылған,

2011 жылы Астана мен Алматы қалаларында болатын қысқы Азия ойындарын өткізуге арнайы бағдарлама бойынша қаржы қарастырылған

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, «2011 жылы 7 қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру және өткізу» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 15 млрд 301 млн 359 мың теңге шығыстар көзделген. Ол жылдар бойынша бөлініп беріліп отыр. Негізгі қаржы келесі жылы дайындық жұмыстарына бағытталатын болады. Нақты айтсақ, 2010 жылы - 12 млрд 200,0 млн теңге шығыстар көзделуде. Ал 2011 жылы 3 млрд 101 млн 359 мың теңге жұмсалмақшы.

Осы шығыстар 2011 жылғы Азия ойындарының ашылу және жабылу рәсімдерін дайындауға, Астана мен Алматы қалаларын безендіруге, ойындардың алау эстафетасын өткізуге, аккредитациялық жүйесін енгізуге бағытталады. Сонымен қатар тиісті қаражат билеттер жасауға және тиындар мен медалдар басып шығаруға, тестілік іс-шаралар өткізуге, қатысушыларды киімдермен қамтамасыз етуге, жабдықтар сатып алуға жұмсалады. Баспасөз орталықтарын ұйымдастыруға, телерадио хабарларын таратуға, ІТ технологиясын енгізуге және тағы басқа ұйымдастыру шараларына аталған бюджеттік бағдарлама бойынша қаражат бағытталатын болады.