2011 жылы Қазақстанда негізгі әлеуметтік маңызы бар аурулар көрсеткіші төмендеді
сапасы мен медициналық қызмет көрсету деңгейін айтарлықтай жақсартып, негізгі әлеуметтік маңызы бар аурулар көрсеткішін төмендетуге мүмкіндік берді, деп хабарлады pm.kz сайты.
«Медициналық технологиялар мен денсаулық сақтаудың инфрақұрылымын дамыта отырып, біз қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын арттырамыз», - деп мәлім етті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыста.
Бәріміз білетіндей, «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы 2011-2015 жылдарға арналған және жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін ҚР Үкіметімен жүзеге асырылады.
«2015 жылға дейінгі денсаулық сақтаудың мемлекеттік бағдарламасы басқаруды жақсарту, бюджет қаражатын тиімді пайдалануды арттыру, дәрі-дәрмектің қолжетімді болуы мен оның сапасын жақсарту, сондай-ақ алдын алу шараларын күшейту есебінен Бірыңғай денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға бағытталған», - деді Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясының отырысында.
Денсаулық сақтауды дамыту үшін қолға алынған жүйелі шаралардың арқасында ана мен сәби өлімін бойынша жағдай тұрақтанды және әлеуметтік маңызы бар аурулардың төмендеу үрдісі байқалуда. Атап айтқанда, 2011 жылдың 11 айында ана өлімі көрсеткіші 1,4 есеге төмендеген. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бала өлімі 11,3 пайызға төмендеді. 2011 жылғы қаңтар-қараша айларының арасында халықтың туберкулез ауруына шалдығу деңгейі 9,7 пайызға азайған, ал туберкулез аурынан өлім-жітім саны 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салысытырғанда әр 100 мың жан басына шаққанда 10,4-тен 8,2-ке дейін азайған».
Сонымен қатар, республикада қатерлі аурулардан өлім-жітім саны төмендеп, 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда әрбір 100 мың жан басына шаққандағы 100,5 көрсеткіштен 94,4-ке дейін төмендеген. Жүректің ишемиялық ауруынан қайтыс болған адамдар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда әр 100 мың жан басына шаққанда 278, 4 көрсеткіштен 268,8-ге дейін азайған. Қан айналым жүйесінің ауруларынан өлім-жітім саны 20 пайызға төмендеп, 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда әр 100 мың жан басына шаққандағы 407,5 көрсеткіштен 323,1-ге дейін азайған.
Сонымен қатар, айта кетсек, «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясындағы шаралардың арқасында ақ халаттылар саны 2010 жылғы 50556 адамнан 53 153 дәрігерге дейін көбейген.
Сондай-ақ, ұлттық скринингтік бағдарламаның енгізілуімен халықтың мақсатты тобына тексеру жүргізудің кезеңі мен алгоритмі анықталды. Скринингтік тексеру жүргізілетін аурулардың саны артқан. Барлығы 2 млн. адам қаралса, 18 жасқа толмаған 3 млн. бала (64,3 пайыз) кәсіби қаралумен қамтылған.
Қазақстан бойынша барлығы 5,1 млн. адам қаралып, 1,1 млн. халықтан әртүрлі сырқаттар табылса, 415 мыңнан астам адам дер кезінде емдеуден өткен.
Ауыл-аймақтардағы халыққа медициналық көмектің қолжетімді болуы үшін қолға алынған іс-шаралар өткен жылғы жұмыстардың айтарлықтай нәтижесі болды. Бұл мақсатқа көліктік медицинаны дамыту арқылы қол жеткізілді. Бүгінгі таңда 3 емдеу-диагностикалық пойыз іске қосылған, пойыздар 110 стансаның халқына 260 мың емдеу-диагностикалық қызмет көрсетіліп, 48 мыңнан астам адам, соның ішінде 11 мың бала медициналық қаралудан өткен.
Бірыңғай денсаулық сақтау жүйесінің аясында, 2011 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша жоспарға сәйкес стационарларда ем қабылдаған 664 мың адам стационар таңдау құқығын пайдаланды, оның ішінде ауыл азаматтарының үлесі 45,5 пайызды құраған.
«Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасы қазақстандықтардың денсаулығын жақсартуға, елдің тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз етуге, медициналық қызмет деңгейін арттыруға және диагноз қоюды жетілдіруге, сауықтыру мен негізгі әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуге бағытталған.