2011 жылы Қазақстанның экспорт көлемі 59 млрд. 58,4 млн. доллар көлемінде болжанады - Ж. Айтжанова

АСТАНА. 23 ақпан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2011 жылы Қазақстанның экспорт көлемі 59 млрд. 58,4 млн. доллар шамасында болжанады.

2011 жылы Қазақстанның экспорт көлемі 59 млрд. 58,4 млн. доллар көлемінде болжанады - Ж. Айтжанова

Бұл бұрынғы болжамға қарағанда 5,5 млрд. долларға артық көрсеткіш. Бүгін Парламент Мәжілісінде «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша баяндама жасаған ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова осылай мәлім етті.

Министрдің айтуынша, экспорт бағытындағы көрсеткіштер негізінен ауылшаруашылық тауарлары мен негізгі металдарға әлемдік баға болжамының жоғары болуына байланысты болжанады. «2011 жылы импорттың 33,7 млрд. доллар құрайтыны болжанады. Бұл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 464 млн. долларға жоғары. Сондай-ақ ағымдағы Ұлттық банк деректеріне сәйкес инфляция параметрі жыл соңына қарай 6-8 пайыз деңгейінде сақталады. Жалпы алғанда нақтыланған болжамдар бойынша сауда көлемі 7,7 пайызға жоғары болатыны көзделіп отыр. Бұл бұрынғы болжамнан 3 тармаққа жоғары көрсеткіш. Бұдан бөлек көлік қызметі - 7 пайызға, ал ақпарат және байланыс қызметі 8 пайызға өседі»,-деді Ж. Айтжанова.