2011 жылы өтетін Азиадаға дайындық аясында Алматының медицина қызметкерлеріне ағылшын тілі үйретіле бастады

Ы. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - «Алматы өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу агенттігі» (АӨҚОҚРА АҚ) тапсырысы бойынша «Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығы академиясы» АҚ 2011 жылы өтетін VII-ші Қысқы Азия ойындарына дайындық шаралары аясында алматылық медицина қызметкерлерін ағылшын тіліне үйретуді бастады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат АӨҚОҚРА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азия ойындарына 800-ден аса спортшылар келеді. Оның құрамында бапкерлер, арнайы мамандар, ресми адамдар, журналистер, сонымен қатар көрермендер мен туристер бар. Осы деректерді есептей отырып, қызмет көрсету кадрлерінің, соның ішінде медицина мамандарына деген қажеттілікке баса назар аудару қажеттігі туындайтыны түсінікті. Жоба аясында үш ай ішінде 80-нен астам адамды оқытып шығару жоспарлануда.

Дәрігерлердің халықаралық тілді білуі Азия ойындарына қатысушы спортшылар мен қонақтарға жоғарғы дәрежеде медициналық көмек көрсетуге жағдай жасайды. Сонымен қатар бұл шара Алматының халықаралық қаржы орталығы ретіндегі халықаралық имиджінің көтеруге ықпал етеді, дейді ұйымдастырушылар.

Соңғы жаңалықтар