2011 жылы республикалық бюджеттің кірісі 102,4 пайызға орындалды

    АСТАНА. 30 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -  2011 жылы республикалық бюджеттің кірісі 102,4 пайызға орындалды.

2011 жылы республикалық бюджеттің кірісі 102,4 пайызға орындалды

Бұл туралы бүгін Үкімет басшысының орынбасары Қайрат Келімбетовтің төрағалығымен өтіп жатқан өткен жылдың қорытындысына арналған Қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Болат Жәмішев мәлім етті.

2011 жылдың бюджетінің атқарылуы мәселесіне тоқталған министр, «2012 жылғы 1 қаңтарда республикалық бюджеттік кірістер жоспардағы 4 трлн. 346 млрд. теңгеге қарағанда, 102,4 пайызға немесе 105,5 млрд. теңгеге артық орындалды. Жалпы түсімдер 4 трлн. 451 млрд. теңгеге жетті. Оның ішінде салықтық түсімдер 3 трлн. 1 млрд. теңгеге жетті. Немесе 102,3 пайызға орындалды»,-деді.

Оның сөзіне қарағанда, кірістер бойынша жоспарды артығымен орындау негізінен салықтық түсімдер - 66 млрд. теңге, салықтық емес түсімдер бойынша 22 млрд. теңге, трансферттердің түсімі бойынша жоспар 14,7 млрд. теңгеге артық орындалды.