2011 жылы ТМД елдері орталық банктерінің валюталық резерві 33 млрд. долларға ұлғайды

АЛМАТЫ. 5 сәуір. ҚазАқпарат -  Өткен жылы ТМД елдері орталық банктерінің валюталық резерві 33 миллиард долларға ұлғайды.
None
None

Бұл туралы  Еуразия даму банкінің Талдау басқармасы шығарған «ТМД макромониторы» басылымында айтылды.

 Халықаралық қаржы институтының хабарлауынша, сарапшылардың сөзіне қарағанда 33 млрд. доллар өңірдегі ішкі жалпы өнімнің 1,5 пайызына жуық. Ұлттық валютадағы несиелеудің өсімі  Ресейде - 25, ал Қазақстанда - 21,5 пайызды құрады. Өңірде инфляцияның қысымы да  айтарлықтай төмендеді. Ең төменгі көрсеткіш Армения (4,7%) мен Украинада (4,6%) байқалды. Экономиканың жандануы мемлекеттік қаржы балансында үйлесімсіздік сипаты бар елдердің қазыналық көрсеткішіне де оң ықпалын тигізді. Қырғызстан, Тәжікстан және Украина қарызының жалпы ішкі өнімдегі үлесі 6 пайыздық пунктке төмендеп отыр.

Соңғы жаңалықтар