2011 жылы ТМД елдерінде авиациялық апаттардың рекордтық көрсеткіші тіркелді

АСТАНА.  13 қыркүйек. ҚазАқпарат - ТМД елдері үшін әуе тасымалындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету аса маңызды.

2011 жылы ТМД елдерінде авиациялық апаттардың рекордтық көрсеткіші тіркелді

Бұл туралы бүгін Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA - International Air Transport Association) Орталық Азия мен Кавказ өңірінде қауіпсіз және тиімді әуе тасымалдарын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған халықаралық форум барысында ИАТА-ның бас директоры Тони Тайлер мәлім етті.

ИАТА бас директорының мәлімдеуінше, Орталық Азия елдерінің авиациялық өндірісінде саланың қауіпсіз жұмыс атқаруын қамтамасыз ету басты проблема ретінде қалып отыр. «Статистика бойынша, 2011 жылы ТМД елдерінде авиациялық оқиғалар жөнінен рекордтық көрсеткіштер тіркелді. Мәселен, 943 мың ұшуға шаққанда - 1 оқиға. Ал, бұл көрсеткіштің жаһандық деңгейі 1:2,7 миллионға тең», - дейді Тони Тайлер.

Сондықтан, бас директордың пайымынша, әуе тасымалдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейту посткеңестік елдер үшін ең маңызды мәселе болып отыр.