08:22, 05 Қаңтар 2016 | GMT +5
2012 жылдан бері іздеуде жүрген сотталушы Шымкентте өз еркімен құқық қорғау органдарына келді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2012 жылдың шілдесінен бері іздеуде жүрген сотталушы Шымкентте өз еркімен құқық қорғау органдарына келді. Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі (ҚАЖ) комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«2012 жылы шілдеде қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталған 27 жастағы ер адам Шымкент қаласындағы ИЧ-167/10 түзету мекемесінде жазасын өтеуден жалтарып, жұмыс нысанынан өздігінен кетіп қалғаны анықталды. Сол кезден бастап ол іздеуде болған», - делінген хабарламада.
Қазір қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.