2012 жылға дейін Ауғанстан 300 мың әскери қызметкер мен полиция қызметкеріне ие болуы керек - Карзай
АСТАНА. Ақпанның 8-і. ҚазАқпарат - Елдегі жағдайды бақылаудың негізгі жауапкершілігін өз мойнына алу үшін және «халықаралық күштерге масыл болуды тоқтату үшін» Ауғанстан 2012 жылға дейін толық дайындалған және мұздай қаруланған әскери қызметкерлер мен полиция қызметкерлеріне ие болуы керек.
Бұл туралы Ауғанстан Президенті Хамид Карзай қауіпсіздік мәселелері жөніндегі 46-шы Мюнхен конференциясында мәлім етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Карзай сондай-ақ, Ауғанстанның толық тәуелсіз өз сот жүйесі болуы керек екенін атап көрсетті.