2012 жылғы қаңтар-қарашада көмір, табиғи газ және металл кендерін өндіру артты - ҚР Статистика агенттігі

АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 100,4% құрады.  2012 жылғы қаңтар-қарашада 2011 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда көмір, табиғи газ және металл кендерін өндіру артты.
None
None

ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, Тамақ өнімдерінің және сусындардың, химия және жеңіл өнеркәсібінің, машина жасау және құрылыс материалдарының өндірісі жоғарылады. Өндірістің өсуі республиканың 12 өңірінде байқалды. Көрсеткіштің төмендеуі Атырау, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында және Астана қаласында тіркелді.

Соңғы жаңалықтар