2012 жылғы қаңтар-тамызда АХАТ органдарында 105,9 мың неке тіркелді

АСТАНА.  15 қазан. ҚазАқпарат - 2012 жылғы қаңтар-тамызда АХАТ органдарында 105,9 мың неке тіркелді. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігіндегі брифингте аталған ведомствоның басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті.

2012 жылғы қаңтар-тамызда АХАТ органдарында 105,9 мың неке тіркелді

«Олардың саны былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,2 пайызға өсті. Некенің жалпы коэффиценті 1000 тұрғынға шаққанда 9,5 құрады»,-деді агенттік басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, 32,9 мың ажырасулар тіркеліп, бұл көрсеткіш 8,8 пайызға өсіп отыр.