Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

2012 жылы денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жобаларға 303 млн. теңге бөлінді - С.Қайырбекова

АСТАНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биылғы жылы денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жобаларды іске асыруға 303 млн. теңге бөлінді.

2012 жылы денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жобаларға 303 млн. теңге бөлінді - С.Қайырбекова

Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 жылдағы қорытындысына арналған алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Салидат Қайырбекова мәлім етті.

Министрдің айтуынша,қоғамдық денсаулықты нығайту бағытында міндеттерді бірлесіп шешу үшін үкіметтік емес ұйымдарды тарту мақсатында емделушілердің құқығын қорғау бойынша қоғамдық кеңес құрылған көрінеді. Осы тектес кеңестер еліміздің барлық өңірлерінде жасақталды.

Өткен жылы алғаш рет мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар үкіметтік емес ұйымдар арасында орналастырылды. Осы мақсаттарға 284 млн. теңге бөлінді. «Ағымдағы жылы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жалпы 303 млн. теңге бөлінді. Бұл тұрғыдағы жұмыстар жалғасын тауып, кеңейетін болады»,-деп түйіндеді ведомство басшысы.