2012 жылы халықты жұмыспен қамту ең басты мәселе болады - Үкімет отырысы

ТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2012 жылы халықты жұмыспен қамту ең басты мәселе болады.
None
None

Бұл туралы бүгін селекторлық режимдегі Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті.

Елбасы өз Жолдауымен өткен аптадағы «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс XIV съезінде халықты еңбекпен қамту маңызды деп ескеріп өткендігіне тоқталған Үкімет басшысы «Осы орайда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен әкімдер бұл мәселеге баса назар аудару қажет», - деп атап көрсетті. «2012 жылдың жағдайында халықты жұмыспен қамту ең маңызды мәселе болады. Сондықтан да 2011 жылы біз ілкі жобаларды уақытылы өткіздік. Осы мәселе тұрғысында барлық оңтайлы және кемшін тұстар байқалды. Енді бұның барлығын ескеріп, тиісті жұмыстарды тыңғылықты атқару керек», деп атап өтті К.Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар