2012 жылы «ТеңізШевройл» компаниясы өндірілген барлық күкіртті қайта өңдейтін болады

АТЫРАУ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысының Теңіз және Королев кен орындарын игерумен айналысып жатқан «ТеңізШевройл» компаниясы бастап өндірілген барлық күкіртті 2012 жылдан қайта өңдейтін болады.
None
None

«ТеңізШевройл» ЖШС үшін 2010 жылғы негізгі инвестициялық жоба күкіртті өңдеу бойынша қуаттылықты кеңейту болмақшы.

«ТеңізШевройл» ЖШС-ның Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің үйлестірушісі Светлана Қайырғалиеваның айтуынша, бұл жобаны 2012 жылы аяқтау компанияға кейіннен бұл өнім сақталатын, арнайы күкірт карталарына сұйық күкіртті құюдан толықтай бас тартуға мүмкіндік береді. Қайта өңделген барлық күкірт тұтынушыларға жөнелтілетін болады.

С.Қайырғалиеваның айтуынша, 2009 жылы ТШО күкірт сатудан рекордтық көрсеткішке жетті. Жылдық өндірісі 2,2 млн. тонна болатын бұл өнімнің былтыр 3,2 млн. тоннасы сатылды. Бұл Теңізде қордаланып қалған күкіртті 2008 жылмен салыстырғанда, 1 млн. тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік берді.

Соңғы жаңалықтар