Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

2012 жылы жолаушылар пойыздарының уақытынан кешігуі 22 пайызға төмендеді

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Өткен жылы жолаушылар пойыздарының уақытынан кешігуі 22 пайызға төмендеді.

2012 жылы жолаушылар пойыздарының уақытынан кешігуі 22 пайызға төмендеді

Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың қатысуымен «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 2012 жылдың қорытындысы мен 2013 жылдың басым бағыттарына арналған алқа мәжілісінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның президенті Ақболат Жағыпаров айтты.

Өткен жылы компания алға қойған міндеттерін толығымен орындағандығын баса айтқан ол: «Жолаушылар айналымының жалпы көлемі 16,7 млрд. жолаушы-шақырымды құрады. Бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 14 пайызға жоғары», - деді.

Компания басшысының атап өтуінше, жөнелтілген жолаушылар саны 17,4 млн. адамға жеткен. Бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 17,14 пайызға көп. Қаржы нәтижесі де орнықты болып, 8,7 млрд. теңгені құраған әрі 2011 жылмен салыстырғанда 2,3 млрд. теңгеге немесе 35,3 пайызға артық.

«Есепті жұмыс кезеңі барысында ешқандай ақаулыққа жол берілген жоқ. Сонымен қатар жолаушылар пойыздарының кешігуі 2011 жылмен салыстырғанда 22 пайызға азайды», - деді А.Жағыпаров.