2014-2016 жылдары Қазақстан Қарулы Күштерінің жүйесін автоматтандырудың алғашқы сатысы жүзеге асады ? Қорғаныс министрі

АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -2014-2016 жылдары ҚР Қарулы Күштерінің жүйесін автоматтандырудың алғашқы сатысы жүзеге асады. Бүгін Қазақстанда тіркелген әскери-дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған брифинг барысында ҚР Қорғаныс министрі Даниал Ахметов осылай мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстан үшін Қарулы Күштер жүйесін автоматтандыруды жүзеге асыру маңызды кезең болып табылады. Өйткені, бұл шара тек қана басқарудың тиімділігін арттырып қана қоймай, Қазақстанның әскери қимылдар жүйесі мен әскери әлеуетін арттыра түседі. Ал, әскери әлеуетті арттыру - тұрақтылықтың жоғары деңгейін көрсетеді. Осылайша, Қазақстанның Қарулы Күштері бәсекеге қабілетті бола түседі», деді Д. Ахметов. Сондай-ақ, министр Қазақстанның экономикалық-қаржылық жүйесі орта мерзімдік жоспарлауға көшкендігін айта келе, алдағы уақытта нақты нысаналы индикаторлар жасалып, бұның өзі қорғаныс саласындағы тиімді мониторинг жүргізуге септігін тигізетінін атап өтті.
Соңғы жаңалықтар