2014 жыл соңғы ғасырлардағы ең ыстық жыл болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Климаттық бақылаулар тарихында өткен жыл ең ыстық жыл болды. Бұл туралы АҚШ-тың Ұлттық мұхиттар мен атмосфераларды зерттеу басқармасы мен Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасы жария етті, деп жазады Росбалт.
None
None

Осы бақылаулар қолға алынған 1880 жылдан бері Жер бетіндегі орташа температура Цельсий бойынша шамамен 0,8 градусқа көтерілген. 2014 жыл ішіндегі орташа температура Цельсий бойынша 14,48 градусты құрады, бұл ХХ ғасыр ішіндегі орташа көрсеткіштен 0,69 градусқа көбірек. Осылайша, жыл ішіндегі ауа температурасының орташа көрсеткіші соңғы он жыл ішінде осымен үшінші рет рекордтық деңгейге жетіп отыр. Бұдан бұрын ең жоғарғы температуралар 2005 және 2010 жылдары байқалған еді.

Соңғы жаңалықтар