Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

2014 жылдың соңында ЭКСПО-2017-ге қатысушы елдермен алғашқы техникалық кездесу өтеді - ХКБ

АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Халықаралық көрме бюросы 2014 жылдың соңында ЭКСПО-2017-ге қатысушы елдермен алғашқы техникалық кездесу өткізбек.

2014 жылдың соңында ЭКСПО-2017-ге қатысушы елдермен алғашқы техникалық кездесу өтеді - ХКБ

Бұл туралы бүгін аталған бюроның бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес мәлім етті.

Оның атап өтуінше, Қазақстан тарабы көрме өткізуге қатысты жайттардың барлығын егжей-тегжейлі әзірлегеннен кейін әртүрлі елдердің жеке сектор өкілдерін кездесуге шақыруға мүмкіндік болмақ. Олар ЭКСПО көрмесін өткізуге көмектеседі. Ол үшін Қазақстан көрмені өткізудің жай-жапсары бүге-шігесінен дейін түзілген тіркеу құжатын ХКБ-ға жіберу тиіс. «Тіркеу кезеңі өткеннен кейін, біз келесі жылдан бастап-ақ түрлі елдерді ЭКСПО-ға қатысуға шақыратын боламыз», - деді ол.

Осы ретте Бас хатшы 2014 жылдың соңына таман ЭКСПО-2017-ге қатысатындықтарын қуаттаған елдермен бірінші техникалық кездесу өткізетіндіктеріне үміт артатындығын баса айтты. «Біз олармен ЭКСПО-ның қалай, қандай форматта өтетіндігін түсіндіріп, талқылайтын боламыз», - деді Висенте Гонсалес Лоссерталес.