2014 жылға қарай Қазақстан жылына 70 тонна алтын өндіруді жоспарлап отыр
АСТАНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2014 жылға қарай Қазақстан жылына 70 тонна алтын өндіруді жоспарлап отыр.
Бұл туралы ҚазАқпарат Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Өткен 2010 жылы Қазақстанда өңделмеген алтын өндіру көлемі 29,9 тоннаны құрады. Оның ішінде аффинаждалған алтын мөлшері 13,3 тоннаға жетеді. Сондықтан да, осы саладағы өсім көрсеткіші 30 пайызды құрап отыр», - делінген министрліктің таратқан баспасөз баянында. Сондай-ақ, хабарламаға қарағанда Қазақстан 2014 жылға қарай алтын өндіруді жылына 70 тоннаға жеткізуді жоспарлап отырғаны айтылады.