2014 жылы ақтөбелік полицейлер броконьерлерден 500 дана ақбөкен мүйізін тәркілеген

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік полицейлер 2014 жылы 500-ден астам рейд шараларын жүргізді, екі мыңнан астам аңшылық, балық шаруашылықтарын тексерді.

2014 жылы ақтөбелік полицейлер броконьерлерден 500 дана ақбөкен мүйізін тәркілеген

Табиғат қорғау заңнамасын бұзғандар 306, заңсыз аң аулау мен аңшылық қағидаларын бұзу фактілері - 137, су жануарларын заңсыз аулау және балық шаруашылығы қағидаларын бұзу жағдайы - 144, өсімдіктер әлемін қорғау саласында 20 бұзушылық, 5 басқа да бұзушылықтар анықталған. Жергілікті тұрғындарға жүргізілген рейдтік шаралар барысында 500 дана ақбөкен мүйізі тәркіленген.

Заңсыз аң аулау мен аңшылық қағидаларын бұзған 137 фактінің 123-іне қылмыстық іс қозғалса, 250 факті бойынша жалпы сомасы 1 миллион 155 мың 692 теңге әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы шығарылды, оның 874 мың 144 теңгесі өндіріп алынды, деп хабарлады Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметінен.