Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

2014 жылы Алматыда метро бекеттерінің саны 9-ға жетеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - 2014 жылы Алматыда жаңадан 2 метро бекеті іске қосылмақ.

2014 жылы Алматыда метро бекеттерінің саны 9-ға жетеді

Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Владимир Меренков мәлім етті.

"Екі жылдан кейін метро қызметінде "Мәскеу" мен "Сайран" бекеттері іске қосылады. Бұл жолаушылар санын айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік береді. Егер инвестор табылатын болса, 1-Алматы теміржол вокзалына дейінгі аралықтағы - метроның солтүстік бағытындағы құрлысын бастаймыз", - дейді В.Меренков.

Оның айтуынша, биыл метроның құрылысына бюджеттен 12 миллиард теңге қарастырылып отыр. Айта кетейік, метроның алғашқы желісінің бірінші кезегі 2011 жылы 2 желтоқсанда іске қосылды. Ал 2,7 шақырымдық екінші кезегінің құрылысы 2010 жылдың мамыр айында басталып, қазіргі уақытқа дейін  500 метр туннель қазылды. Метроның алғашқы  желісінің 1-інші кезегі 7 бекетті қамтиды. Онда қазір күн сайын орта есеппен 16-17 мың жолаушы тасымалдануда.