2014 жылы Астана-Щучье автожолынан миллиард теңге кіріс түседі - А.Жұмағалиев

АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - 2014 жылы Астана-Щучье автожолынан миллиард теңге кіріс түседі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.
None
None

«Астана-Щучье автожолынан қазіргі таңда біз шамамен 350 млн. теңге алдық. Келесі жылы біз бұл жол өзін-өзі ұстап тұруға іс жүзінде 1 млрд. теңге жинай алады деп күтудеміз», - деді министр.

Бұл ретте А.Жұмағалиев түскен қаржыны басқа да тас жолдарға орташа деңгейде жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағыттауға болатынын атап өтті. Оның айтуынша, 1 млрд. теңге 100 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жеткілікті.

Соңғы жаңалықтар